«Тойотаны аулау» науқаны

Ай сайын жүлделер ұтып алып, супер-ұтыс ойынына қатыс!

Қатысу үшін:

  • Сайтта тіркелген болу немесе тіркелуден өту қажет;
  • Дара немесе экспресс (лайв/линия) бойынша кемінде 2000 теңгеге және кем дегенде «1.50» коэффициентімен Интернет ставкалар жасау қажет.
  • Билеттерді жинаңыз және ұтыс ойынына қатысыңыз!

Ай сайынғы жүлделер — Apple MacBook, Apple iPhone, Apple Watch, AirPods Pro, бонустар.

Бас жүлделер – Toyota Land Cruiser, Toyota Camry, Toyota Corolla.
Барлық автокөліктер Науқан ұйымдастырушының логотипімен белгіленген.

Ұтыс ойыны 07.12.2020 күні MEGA Alma-Ata сауда — ойын сауық орталығында өткізіледі (тікелей эфир www.olimpbet.kz сайтында өтеді).

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұтыс ойыны онлайн форматта өтеді.
Тікелей бейне көрсетілім 2020 жылғы 6 желтоқсан күні 18:00-де https://olimpbet.kz/promo/hunting_for_toyota/ науқан парақшасында басталады.
Ұтыс ойыны кезінде билет нөмірін жеке кабинеттің «Менің билеттерім» бөлімінде сандарды тиісті іздеу алаңына енгізіп тексеруге болады.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!

Сәттілік және жағымды ойын тілейміз!

Науқан туралы толық ақпарат

Науқан шарттары мен ережелері

1. Жалпы ережелер

  1. 1.1. Науқанды ұйымдастырушы «NetBet (НэтБэт)» ЖШС, заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай даңғылы, 292/10 үй. Корреспонденция үшін мекен-жай: пошта индексі 050016., ҚР, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 64Г, кеңсе 1. ЖСК KZ69914002203KZ0053Y, БСН: 170140017744.
  2. 1.2. Науқан осы Ережеге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  3. 1.3. Науқан Алматы уақыты бойынша 02.10.2020 ж. 00:00–ден 30.11.2020 23:59 уақытына дейін өткізіледі.
  4. 1.4. Науқан Интернет желісінде өткізіледі.
  5. 1.5. Науқан лотерея болып табылмайды, пайда немесе өзге де кіріс алу мақсатын көздемейді және осы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Науқанның бүкіл жүлде қоры ұйымдастырушының есебінен қалыптастырылады және науқанды ұйымдастырушының қызметіне қызығушылықты арттыруға бағытталған.

2. «Тойотаны аулау» науқанына қатысу және өткізу шарттары

  1. 2.1. Науқанға (әрі қарай — «қатысушы») әрекет қабілеттілігіне ие, 21 жасқа толған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, www.olimpbet.kz сайтында тіркеуден өткен, Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
  2. 2.2. Науқан өткізілу кезеңінде науқан шарттарына сәйкес келетін ставканы жасаған барлық Қатысушылар қатысады.
  3. 2.3. Науқанға дара немесе экспресс (лайв/желі) оқиғаларына ставка жасаған қатысушылар қатысады. Ставканың ең төменгі жалпы коэффициенті — 1.50. Билеттер науқан басталған сәттен бастап жинала бастайды.
  4. 2.4. Науқанға қатысу үшін минималды дара немесе экспресс (лайв/желі) сомасы — 2000 (екі мың) теңге. Қатысушы әрбір 2000 теңге ставка сомасы үшін билетке ие болады.

Мысалы:

  1. 2.4.1. Қатысушы оқиғаға (1.5 коэффициентпен) 2000 теңге сомасына ставка жасады. Ставка ұтыс / ұтылыс болып есептелді. Қатысушы 1 билет алады.
  2. 2.4.2. Қатысушы оқиғаға (1.5 коэффициентпен) 3000 теңге сомасына ставка жасаған. Ставка ұтыс / ұтылыс болып есептелді. Қатысушы 1 билет алады.
  3. 2.4.3. Қатысушы оқиғаға (1.5 коэффициентпен) 4000 теңге сомасына ставка жасаған. Ставка ұтыс / ұтылыс болып есептелді. Қатысушы 2 билет алады.

Маңызды: бонусқа қойылған ставкалар науқанға қатыспайды.

  1. 2.5. Науқанға жойылмаған немесе 1.0 коэффициентімен қайтару болып есептелмеген дара немесе экспресстер (лайв/желі) қатысады.
  2. 2.6. Осы науқанның шарттарына сәйкес келетін әрбір ставка (дара немесе экспресс (лайв/желі) болсын) үшін қатысушы билетке ие болады.
  3. 2.7. Жиналған билеттер саны, сондай-ақ олардың нөмірлері Қатысушының жеке кабинетінде науқан парақшасында көрсетіледі.
  4. 2.8. Ұйымдастырушының сайтында науқанның арнайы парағында 10 көшбасшы билеттерінің санын көрсететін лидерборд орналасқан.
  5. 2.9. Науқанды өткізу мерзімі ішінде ай сайын: 01.11.2020 ж., 01.12.2020 ж. аралық қорытындылар шығарылады. Ең белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталады.
  6. 2.10. Турнирлік кестеде ең көп билет жинаған 10 қатысушы ай сайынғы қорытынды шығарудың көшбасшысына айналады. Жүлделер келесідей бөлінеді:
Место Выигрыш
1-ші орын Macbook Pro және Macbook Pro құнынан 11,11% ақшалай сыйлық
2-ші орын iPhone 11 және iPhone 11 құнынан 11,11% ақшалай сыйлық
3-ші орын Apple Watch 5 және Apple Watch 5 құнынан 11,11% ақшалай сыйлық
4-ші орын AirPods Pro және AirPods Pro құнынан 11,11% ақшалай сыйлық
5-ші орын AirPods Pro және AirPods Pro құнынан 11,11% ақшалай сыйлық
6-шы орын Бонус 60 000 теңге
7-ші орын Бонус 50 000 теңге
8-ші орын Бонус 40 000 теңге
9-шы орын Бонус 30 000 теңге
10-шы орын Бонус 20 000 теңге

Жүлде 10 жұмыс күні ішінде беріледі, бонус көшбасшыларды ай сайын қорытындылау сәтінен бастап 72 сағат ішінде науқанға қатысушының ойын шотына аударылады.

  1. 2.11. Финалдық ұтыс ойын науқан шарттарын орындаған барлық қатысушылар арасында өткізіледі.
  2. 2.12. Басты жүлделер – Науқан ұйымдастырушының логотипімен белгіленген автокөліктер:
  • Toyota Land Cruiser
  • Toyota Camry
  • Toyota Corolla

Науқан жеңімпаздарына сыйлықтар жеңімпаздар анықталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі.

  1. 2.12.1. Бір қатысушы тек бір бас жүлдені ұтып ала алады.
  1. 2.13. Егер бірнеше Қатысушылардың турнир кестесінде ұпай саны тең болған жағдайда, онда ең жоғарғы позицияны барлық билеттер коэффициенттерінің қосындысы жоғары болатын Қатысушы алады.
  2. 2.14. Барлық мүмкін нәтижелерді қамту және науқанда ең көп ұпай алу мақсатында бір спорттық оқиға шеңберінде қойылған дара немесе экспресс (лайв / желі) ставкалардың науқанға қатысуына жол берілмейді. Мұндай әрекеттерді Ұйымдастырушы біржақты заңсыз деп санайды, Қатысушы өз орнын сақтамай науқаннан шығарылады, орын басқа қатысушылар арасында бөлінеді, мүмкін жүлде Ережелерге сәйкес бөлінеді.
  3. 2.15. Науқанға қатысу үшін бір Қатысушы тек бір ойын шотын пайдалана алады. Егер Қатысушыда бірден көп ойын шоттары бар болғаны анықталса, науқан нәтижелерін шығару кезінде мұндай шоттардан жасалған ставкалар ескерілмейді.
  4. 2.16. Осы науқанға қатыса отырып, сіз «NetBet (НэтБэт)» ЖШС негізгі шарттары мен ережелерімен, сондай-ақ науқан шарттарымен автоматты түрде келісесіз.
  5. 2.17. Науқанға қатысушылар, келесіде бас жүлделердің – Науқан ұйымдастырушының логотипімен белгіленген автокөліктердің жеңімпаздары, осы науқанда қатысуымен, Науқан ұйымдастырушымен жарнамалық материалды - автокөліктегі Науқан ұйымдастырушы логотибін, жарнамалық материалды демонтаж, сондай-ақ автокөлікке орналастырылған жарнамалық материалды бүлдіруге/жоюға бағытталған әрекеттерді автокөлікке меншік құқығын алған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде жасамауға міндетті екеніне сәйкес ақысыз орналастыру туралы Келісімімен автоматты түрде келіседі және келісуге кепілдік береді.

3. Финалдық ұтыс ойынның жеңімпаздарын анықтау ережелері:

  1. 3.1. Финалдық ұтыс ойынының жеңімпаздары 2020 жылғы «07» желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша кешкі сағат 20 сағат 00 минутта MEGA Alma-Ata сауда — ойын сауық орталығында анықталады және www.olimpbet.kz сайтында тікелей эфирде келесідей көрсетіледі: студияда орналасқан сауыт ішіне 0-ден 9-ға дейінгі 10 шар жүктеледі.

Бірінші жеңімпаз кездейсоқ тәртіпте шығарылып алынған шарлардан билет нөмірін құру арқылы анықталады.
Толтыру билет нөмірінің бірінші нөмірінен басталады.
Билет нөмірі 9 саннан тұрады. Науқан комиссияның мүшесі шарларды сауытта араластырады, содан кейін кездейсоқ тәртіппен таңдалған 1 (бір) шарды шығарып алады. Шардағы таңдалған нөмір жеңімпаз билет нөмірінің ағымдағы санына сәйкес келеді. Қатысушылар арасында бөлінген билеттер тізімінде ұтыс сандар комбинациясымен сәйкес келетін билеттің бар-жоғын анықтау үшін науқанның комиссия мүшесі немесе науқанның комиссия мүшесінің тапсырмасы бойынша, өзге тұлға шығарылған билеттер тізімінде ұтыс сандар комбинациясымен сәйкес келетін билет нөмірінің бар-жоғын тексереді.
Егер шығарылған билеттер тізімінде нөмірі ағымдағы ұтыс комбинациясымен сәйкес келетін билет болмаған жағдайда, науқан комиссияның мүшесі мұндай шарды сауытқа қайта салмайды. Әрі қарай, науқан комиссиясының мүшесі сауытта қалған шарларды араластырып, тағы бір шарды алып шығады.
Толтырылатын ағымдағы нөмірді анықтау процедурасы шардағы нөмір билеттердің кем дегенде біреуіне сәйкес келетін ағымдағы жеңімпаз комбинациясын жасағанға дейін қайталанады. Мұндай сәйкестікті тапқаннан кейін, барлық шарлар сауытқа қайта салынып, араластырылады.
Шарларды шығару билеттің ұтыс комбинациясы мен шығарылған билет базасымен жалғыз сәйкестігін анықтағанға дейін жүреді.
Егер шарда түскен кезекті сан қатысушылар арасында таратылған билеттер реестріне сәйкес келетін жалғыз билет нөмірінің комбинациясын құраса, ұтыс ойыны мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін, мысалы:

Егер қатысушылар арасында таратылған билеттер реестріндегі тек бір билет осы сандармен басталса: 1 1 9, бұл жағдайда ұтыс ойыны тоқтатылады.
Екінші және үшінші жеңімпаздар дәл осылай кезекпен анықталады.

  1. 3.2. Жүлделер жеңімпаз анықталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі.
  2. 3.3. Науқанды Ұйымдастырушы жауапты емес:
  • Қатысушының жалған ақпаратты, соның ішінде Қатысушының мекен-жайы туралы мәліметтерді және (немесе) оның байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекен-жайы туралы ақпаратты дәйексіз ұсынғаны үшін Қатысушының науқанда жеңіске жеткендігі туралы хабарлама алмағаны үшін;
  • науқан Қатысушыларына тікелей қызмет көрсететін байланыс операторларының жұмысындағы ақаулар үшін, жүйенің істен шығуы және науқан Қатысушысының интернет-провайдерінің басқа да техникалық ақаулары үшін;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда.
  1. 3.4. Науқанды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, Жеке табыс салығын жүлдеден ұстап қалу арқылы төлейді.
  2. 3.5. Науқанға 21 жасқа толмаған азаматтардың қатысуына жол берілмейді.

4. Дербес деректерді өңдеу тәртібі

  1. 4.1. Осы Ережеде бекітілген іс-әрекеттерді орындау фактісі Ұйымдастырушының өзі немесе осы Ережеде белгіленген мақсаттарға қатаң сәйкес Ұйымдастырушы уәкілеттік берген тұлғалардың науқанды өткізу шеңберінде тіркелу кезінде көрсеткен жеке деректерін өңдеуге берген Қатысушының келісімі болып табылады.
  2. 4.2. Дербес деректерді өңдеу мақсаттары:
    1. 1) осы Ережелерге және қолданыстағы заңнамаға сәйкес науқанды өткізу;
    2. 2) ұйымдастырушының салық агенті ретінде міндеттерін орындауы;
    3. 3) электрондық байланыс желілері арқылы Ұйымдастырушыдан немесе Ұйымдастырушы уәкілеттік берген тұлғалардан sms-хабарламалар, жарнама және хат-хабарламалар жіберу үшін деректерді пайдалану;
    4. 4) науқан жарнамасына бағытталған тауарларды нарықта ілгерілетуге ықпал ететін жарнамалық және өзге де коммерциялық мақсаттарда жеңімпаздар туралы аты — жөнін (атын, әкесінің атын, тегін), туған күнін, суреттерді, фото-және бейнематериалдарды, сондай-ақ сұхбатты және өзге де материалдарды пайдалану.
  3. 4.3. Қатысушы ұсынатын жеке мәліметтер тізімі Ұйымдастырушы немесе Ұйымдастырушы уәкілеттік берген тұлғалар өңдейтін дербес деректердің тізімі www.olimpbet.kz сайтында тіркелген кезде Қатысушы енгізген мәліметтермен шектеледі.
  4. 4.4. Қатысушылар ұсынатын дербес деректермен жүргізілетін іс-шаралар тізімі: жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қол жетімділік), жеке тұлғаны жекешелендіру, бұғаттау, жою.
  5. 4.5. Акция шеңберінде дербес деректерді трансшекаралық тасымалдау жүзеге асырылмайды, дербес деректер Қазақстан Республикасының аумағында өңделеді және сақталады.
  6. 4.6. Науқанды ұйымдастырушы Қатысушылардың жеке деректерін өңдеуді қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

5. Басқа ережелер

  1. 5.1. Осы науқанға қатысу құқығына қатысты барлық даулы жағдайларға және жүлдені алуға қатысты барлық мәселелерді Ұйымдастырушының басшылығы шешеді. Бұл шешімді орындау міндетті болып табылады және Қатысушылар немесе кез келген үшінші тұлғаның шағымдануына жатпайды.