Орын | Жүлде | Билет нөмірі No нөмірі |
---|---|---|
{{ winner.position }} | {{ winner.prizeName }} | {{ winner.number }} |
1.1. Науқан ұйымдастырушысы «NetBet (НэтБэт)» ЖШС болып табылады, заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қапшағай қ., С.Сейфуллин көш., 26/1 ғимарат. Хат алмасу мекен-жайы: 050046, ҚР, Алматы қ. Сәтбаев көш., 64Г, оф. 1. IIC KZ69914002203KZ0053Y, БСН 170140017744.
1.2. Науқан осы Ережелерге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
1.3. Науқан Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22.11.2021 ж. сағат 12:00 басталып 02.01.2022 ж. сағат 15:00 аяқталады
1.4. Науқан Интернетте жүргізіледі.
1.5. Науқан лотерея болып табылмайды, оған Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі No 495-V ҚРЗ «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңының ережелері қолданылмайды.
1.6. Науқан лотерея болып табылмайды, пайда немесе өзге де кіріс алу мақсатын көздемейді және осы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Науқанның бүкіл жүлде қоры ұйымдастырушының есебінен қалыптастырылады және науқан ұйымдастырушының қызметіне қызығушылықты арттыруға бағытталған.
2.1. Науқанға (әрі қарай - "қатысушы") әрекет қабілеттілігіне ие, 21 жасқа толған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, www.olimpbet.kz сайтында тіркеуден өткен, Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Ұтысты алу үшін Қатысушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіруден өтуге міндетті.
2.2. Науқан өткізілу кезеңінде науқан шарттарына сәйкес келетін ставканы жасаған барлық Қатысушылар қатысады.
2.3. Науқанға дара немесе экспресс (лайв/желі) оқиғаларына ставка жасаған қатысушылар қатысады. Ставканың ең төменгі жалпы коэффициенті – 1.50. Билеттер науқан басталған сәттен бастап жинала бастайды.
2.4. Бонустық ұпайлар – осы науқанның ережелеріне сәйкес Қатысушының жеке шотына қосылатын/шешілетін бонустар. Бонустарды осы науқанның ережелеріне сәйкес қолдануға болады.
2.5. Науқанға қатысу үшін минималды дара немесе экспресс (лайв/желі) сомасы – 2000 (екі мың) теңге. Қатысушы әрбір 2000 теңге ставка сомасы үшін билетке ие болады.
Мысалы:
2.5.1 Қатысушы оқиғаға (1.5 коэффициентпен) 2000 теңге сомасына ставка жасады.
Ставка ұтыс / ұтылыс болып есептелді.
Қатысушы 1 билет алады.
2.5.2 Қатысушы оқиғаға (1.5 коэффициентпен) 3000 теңге сомасына ставка жасаған.
Ставка ұтыс / ұтылыс болып есептелді.
Қатысушы 1 билет алады.
2.5.13 Қатысушы оқиғаға (1.5 коэффициентпен) 4000 теңге сомасына ставка жасаған.
Ставка ұтыс / ұтылыс болып есептелді.
Қатысушы 2 билет алады.
Маңызды: Бонустық ұпайлар арқылы қойылған ставкалар науқанға қатыспайды.
2.6. Науқанға жойылмаған немесе 1.0 коэффициентімен қайтару болып есептелмеген дара ставкалар немесе экспресстер (лайв/желі) қатысады. Науқанға қатысу үшін экспресстің жалпы коэффициентін есептеу кезінде қайтару болып есептелген оқиғалардың коэффициенттері есепке алынбайды.
2.7. "24/7 ставкаларға" ("Дартс", "Дартс20", "Бридж", "Жеребе NHL21", "Буллиттер NHL21", "Бокс") ставкалар науқанға қатыспайды.
2.8. Осы науқанның шарттарына сәйкес келетін әрбір ставка (дара немесе экспресс (лайв/желі) болсын) үшін қатысушы билетке ие болады.
2.9. Жиналған билеттер саны, сондай-ақ олардың нөмірлері Қатысушының жеке кабинетінде науқан парақшасында көрсетіледі.
2.10. Ұйымдастырушының сайтында науқанның арнайы парақшасында әр ұтыс ойынның жеңімпаздарын көрсететін жеңімпаздар кестесі орналасқан.
2.11. Әр апта сайын апта сайынғы ұтыс ойындар жүргізіледі. Ұтыс ойынның жүргізілу уақыты мен күні науқан парақшасында көрсетіледі.
3.1. Автокөліктер ұтыс ойыны
Ұтыс ойыныда қатысатын билеттер толтыру күнімен шектеледі:
Ұтыс ойын жеңімпазы қалған автокөлік ұтыс ойындарында қатыспайды.
Автокөлік ұтысының жеңімпаздары www.olimpbet.kz сайтында науқан парақшасында тікелей көрсетілімде төмендегідей анықталады:
0-ден 9-ға дейін нөмірленген 10 дана шарлар студиядағы сауытта орналастырылады.
Жеңімпаз кездейсоқ тәртіпте шығарылып алынған шарлардан билет нөмірін құру арқылы анықталады.
Толтыру билет нөмірінің бірінші нөмірінен басталады.
Билет нөмірі 9 саннан тұрады. Науқан комиссияның мүшесі шарларды сауытта араластырады, содан кейін кездейсоқ тәртіппен таңдалған 1 (бір) шарды шығарып алады. Шардағы таңдалған нөмір жеңімпаз билет нөмірінің ағымдағы санына сәйкес келеді. Қатысушылар арасында бөлінген билеттер тізімінде ұтыс сандар комбинациясымен сәйкес келетін билеттің бар-жоғын анықтау үшін науқанның комиссия мүшесі немесе науқанның комиссия мүшесінің тапсырмасы бойынша, өзге тұлға шығарылған билеттер тізімінде ұтыс сандар комбинациясымен сәйкес келетін билет нөмірінің бар-жоғын тексереді.
Егер шығарылған билеттер тізімінде нөмірі ағымдағы ұтыс комбинациясымен сәйкес келетін билет болмаған жағдайда, науқан комиссияның мүшесі мұндай шарды сауытқа қайта салмайды. Әрі қарай, науқан комиссиясының мүшесі сауытта қалған шарларды араластырып, тағы бір шарды алып шығады.
Толтырылатын ағымдағы нөмірді анықтау процедурасы шардағы нөмір билеттердің кем дегенде біреуіне сәйкес келетін ағымдағы жеңімпаз комбинациясын жасағанға дейін қайталанады. Мұндай сәйкестікті тапқаннан кейін, барлық шарлар сауытқа қайта салынып, араластырылады.
Шарларды шығару билеттің ұтыс комбинациясы мен шығарылған билет базасымен жалғыз сәйкестігін анықтағанға дейін жүреді.
Егер шарда түскен кезекті сан қатысушылар арасында таратылған билеттер реестріне сәйкес келетін жалғыз билет нөмірінің комбинациясын құраса, ұтыс ойыны мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін, мысалы: 1, 1, 9.
Егер қатысушылар арасында таратылған билеттер реестріндегі тек бір билет осы сандармен басталса: 1 1 9, бұл жағдайда ұтыс ойыны тоқтатылады.
1-ші апта – Mercedes C-Class, жүлде ақшалай баламасы - 17 500 000 (Он жеті миллион бес жүз мың) теңге. Ұтыс ойын аяқталғаннан кейін 72 сағат ішінде верификация орындалған жағдайда, Жеңімпаздың ойын шотына 10 күн ішінде 17 500 000 теңге көлеміндегі қаражат аударылады. Егер верификация белгіленген мерзімде аяқталмаса, ұтыс ойынының нәтижесі жойылады, ал ұтыс ойын қайталанбайды.
2-ші апта – Mercedes C-Class, жүлде ақшалай баламасы - 17 500 000 (Он жеті миллион бес жүз мың) теңге. Ұтыс ойын аяқталғаннан кейін 72 сағат ішінде верификация орындалған жағдайда, Жеңімпаздың ойын шотына 10 күн ішінде 17 500 000 теңге көлеміндегі қаражат аударылады. Егер верификация белгіленген мерзімде аяқталмаса, ұтыс ойынының нәтижесі жойылады, ал ұтыс ойын қайталанбайды.
3-ші апта – Mercedes C-Class, жүлде ақшалай баламасы - 17 500 000 (Он жеті миллион бес жүз мың) теңге. Ұтыс ойын аяқталғаннан кейін 72 сағат ішінде верификация орындалған жағдайда, Жеңімпаздың ойын шотына 10 күн ішінде 17 500 000 теңге көлеміндегі қаражат аударылады. Егер верификация белгіленген мерзімде аяқталмаса, ұтыс ойынының нәтижесі жойылады, ал ұтыс ойын қайталанбайды.
4-ші апта – Mercedes E-Class, жүлде ақшалай баламасы - 19 300 000 (Он тоғыз миллион үш жүз мың) тенге. Ұтыс ойын аяқталғаннан кейін 72 сағат ішінде верификация орындалған жағдайда, Жеңімпаздың ойын шотына 10 күн ішінде 19 300 000 теңге көлеміндегі қаражат аударылады. Егер верификация белгіленген мерзімде аяқталмаса, ұтыс ойынының нәтижесі жойылады, ал ұтыс ойын қайталанбайды.
5-ші апта – Mercedes E-Class, жүлде ақшалай баламасы - 19 300 000 (Он тоғыз миллион үш жүз мың) теңге. Ұтыс ойын аяқталғаннан кейін 72 сағат ішінде верификация орындалған жағдайда, Жеңімпаздың ойын шотына 10 күн ішінде 19 300 000 теңге көлеміндегі қаражат аударылады. Егер верификация белгіленген мерзімде аяқталмаса, ұтыс ойынының нәтижесі жойылады, ал ұтыс ойын қайталанбайды.
6-шы апта – Mercedes G-Class, жүлде ақшалай баламасы - 72 000 000 (Жетпіс екі миллион) теңге. Ұтыс ойын аяқталғаннан кейін 72 сағат ішінде верификация орындалған жағдайда, Жеңімпаздың ойын шотына 10 күн ішінде 72 000 000 теңге көлеміндегі қаражат аударылады. Егер верификация белгіленген мерзімде аяқталмаса, ұтыс ойынының нәтижесі жойылады, ал ұтыс ойын қайталанбайды.
Барлық жүлделер ақшалай эквивалентте төленеді.
3.2. Техника және бонустық ұпайлар ұтыс ойыны:
Ұтыс ойыныда қатысатын билеттер толтыру күнімен шектеледі:
1-ші ұтыс ойын (1-ші апта): науқан басталуынан 12:00 22.11.2021ж. - 00:00 28.11.2021ж. аралығы
2-ші ұтыс ойын (2-ші апта): науқан басталуынан 12:00 22.11.2021ж. - 00:00 05.12.2021ж. аралығы
3-ші ұтыс ойын (3-ші апта): науқан басталуынан 12:00 22.11.2021ж. - 00:00 12.12.2021ж. аралығы
4-ші ұтыс ойын (4-ші апта): науқан басталуынан 12:00 22.11.2021ж. - 00:00 19.12.2021ж. аралығы
5-ші ұтыс ойын (5-ші апта): науқан басталуынан 12:00 22.11.2021ж. - 00:00 26.12.2021ж. аралығы
6-шы ұтыс ойын (6-шы апта): науқан басталуынан 12:00 22.11.2021ж. - 15:00 02.01.2022ж. аралығы
Бір ұтыс ойынында бір рет қана жеңімпаз болуға болады.
Жеңімпаздар ұтыс ойынының кезеңінде шығарылған билеттің нөмірін пулдан кездейсоқ таңдау арқылы бір-бірлеп анықталады.
Әр апта сайын 10 жеңімпаз болу мүмкін.
Науқанның барлық кезеңіндегі ұтыстардың атаулары мен саны:
Атауы | Саны | Ақшалай балама |
---|---|---|
PlayStation 5 | 6 дана | 430 000 теңге |
iPhone 13 | 6 дана | 460 000 теңге |
Apple Watch 7 | 6 дана | 265 000 теңге |
AirPods Pro | 6 дана | 130 000 теңге |
Бонустық ұпайлар | 600 000 теңге |
Жүлденің ақшалай эквиваленты ойын шотына 72 сағат ішінде, верификация орындалған жағдайда, 10 күн ішінде аударылады. Егер верификация белгіленген мерзімде орындалмаса, ұтыс ойынының нәтижесі жойылады, ұтыс ойыны қайталанбайды.
Материалдық сыйлықтарды беру ережелермен қарастырылмаған.
Осы тармақ бойынша берілген бонустарды дара оқиғаларға 2 коэффициентімен орындау қажет.
Ұтыс сомасы бонуспен тең болады.
Егерде кез келген себептермен ставка тоқтатылған/қайтарылған болса, бонус жойылады.
Бонус аударылған сәттен бастап 5 күн ішінде қолдануға жарамды.
3.3. Науқан кезінде жалпы сомасы 2 000 000 000 теңге бонустық ұпайлар 3.1, 3.2 тармақтардағы жүлделерді ұтпаған науқанға қатысушылар арасында кездейсоқ таратылады.
Бонустық ұпайдың атаулы құны науқанға қатысушының билеттерінің санына байланысты.
Ұтыс ойыны аяқталып, 72 сағат ішінде верификациядан өткен соң, жеңімпаздардың ойын шотына 10 күн ішінде бонус аударылады. Егер верификация көрсетілген мерзімде орындалмаса, бонус есептелмейді.
Осы тармақ бойынша берілген бонустарды дара оқиғаларға 2 коэффициентімен орындау қажет.
Ұтыс сомасы бонуспен тең болады.
Егерде кез келген себептермен ставка тоқтатылған/қайтарылған болса, бонус жойылады.
Бонус аударылған сәттен бастап 5 күн ішінде қолдануға жарамды.
5. Науқанға 21 жасқа толмаған азаматтардың қатысуына жол берілмейді.
6. Барлық мүмкін нәтижелерді қамту және науқанда ең көп ұпай алу мақсатында бір спорттық оқиға шеңберінде қойылған дара немесе экспресс (лайв / желі) ставкалардың науқанға қатысуына жол берілмейді. Мұндай әрекеттерді Ұйымдастырушы біржақты заңсыз деп санайды, Қатысушы өз орнын сақтамай науқаннан шығарылады, орын басқа қатысушылар арасында бөлінеді, мүмкін жүлде Ережелерге сәйкес бөлінеді.
7. Науқанға қатысу үшін бір Қатысушы тек бір ойын шотын пайдалана алады. Егер Қатысушыда бірден көп ойын шоттары бар болғаны анықталса, науқан нәтижелерін шығару кезінде мұндай шоттардан жасалған ставкалар ескерілмейді.
8. Осы науқанға қатыса отырып, сіз «NetBet (НэтБэт)» ЖШС негізгі шарттары мен ережелерімен, сондай-ақ науқан шарттарымен автоматты түрде келісесіз.
9. Егер жеңімпаз күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде жүлде туралы Ұйымдастырушы сайтында науқан бөлімінде ұтыс ойынның жеңімпаздарын жариялау арқылы сонымен қатар, Ұйымдастыру сайтында тіркелу кезінде қатысушымен енгізілген поштаға хат жіберу арқылы жеңімпазды анықтау кезден бастап, хабарласпаса, Ұйымдастырушы жүлдені өз қалауы бойынша жұмсауға құқылы.
10. «NetBet (НэтБэт)» ЖШС осы науқан шарттарын себепсіз қайтарып алуға немесе өзгертуге құқылы. Осы Ережелердегі толықтырулардың (өзгерістердің) бар екендігі туралы науқан Қатысушыларын тиісті хабардар ету www.olimpbet.kz сайтында ақпаратты орналастыру болып табылады.
11.1. Жеке деректерді өңдеу Ұйымдастырушының веб-сайтында жеке деректерді өңдеуге берген пайдаланушының келісіміне сәйкес жүзеге асырылады.
11.2. Дербес деректерді өңдеу мақсаттары:
1) осы Ережелерге және қолданыстағы заңнамаға сәйкес науқанды өткізу;
2) ұйымдастырушының салық агенті ретінде міндеттерін орындауы;
3) электрондық байланыс желілері арқылы Ұйымдастырушыдан немесе Ұйымдастырушы уәкілеттік берген тұлғалардан sms-хабарламалар, жарнама және хат-хабарламалар жіберу үшін деректерді пайдалану;
4) науқан жарнамасына бағытталған тауарларды нарықта ілгерілетуге ықпал ететін жарнамалық және өзге де коммерциялық мақсаттарда жеңімпаздар туралы аты - жөнін (атын, әкесінің атын, тегін), туған күнін, суреттерді, фото- және бейнематериалдарды, сондай-ақ сұхбатты және өзге де материалдарды пайдалану.
11.3. Қатысушы ұсынатын жеке мәліметтер тізімі Ұйымдастырушы немесе Ұйымдастырушы уәкілеттік берген тұлғалар өңдейтін дербес деректердің тізімі www.olimpbet.kz сайтында тіркелген кезде Қатысушы енгізген мәліметтермен шектеледі.
11.4. Қатысушылар ұсынатын дербес деректермен жүргізілетін іс-шаралар тізімі: жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қол жетімділік), жеке тұлғаны жекешелендіру, бұғаттау, жою.
11.5. Акция шеңберінде дербес деректерді трансшекаралық тасымалдау жүзеге асырылмайды, дербес деректер Қазақстан Республикасының аумағында өңделеді және сақталады.
11.6. Науқанды ұйымдастырушы Қатысушылардың жеке деректерін өңдеуді қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады
Осы науқанға қатысу құқығына қатысты барлық даулы жағдайларды және жүлдені алуға қатысты барлық мәселелерді Ұйымдастырушы шешеді. Бұл шешімді орындау міндетті болып табылады және Қатысушылар немесе кез келген үшінші тұлғаның шағымдануына жатпайды