ставка жаса және үздік
жүлделерді ұтып ал
1.1. «MAJOR UPGRADE» Науқанының ұйымдастырушысы (бұдан әрі – Науқан) «NetBet (НэтБэт)» ЖШС, БСН: 170140017744, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Конаев қ., С.Сейфуллин көш., № 26/1 үй. Банк: «ForteBank» АҚ Алматы қ. филиалы, БСК IRTYKZKA, KZ4496502F0014170076, № 23019645 букмекерлік кеңсенің қызметіне лицензия 06.09.2023 ж. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген, 09.03.2027 дейін жарамды (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).
1.2. Науқанның серіктесі «WOOPPAY (ВУППЭЙ)» ЖШС төлем ұйымы болып табылады, заңды мекенжайы – 10000, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 15 үй, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі тіркеу нөмірі – 09-17-001 (бұдан әрі - Серіктес).
1.3. Науқан осы Ережелерге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
1.4. Науқан Астана уақыты бойынша 29.06.2023 ж. 00:00-ден 09.07.2023 ж. 23:59 аралығында өтеді. Науқан шарттары Ұйымдастырушымен өзгертілуі мүмкін.
1.5. Науқан Интернет желісінде жүргізіледі.
1.6. Науқан лотерея болып табылмайды, оған Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі No 495-V ҚРЗ «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңының ережелері қолданылмайды.
1.7. Науқанға қатысу ерікті болып табылады.
1.8. Науқан пайда немесе басқа кіріс табу мақсатын көздемейді және осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
2.1. Науқанға (әрі қарай - «Қатысушы») әрекет қабілеттілігіне ие, 21 жасқа толған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Ұйымдастырушының www.olimpbet.kz. сайтында тіркелуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
2.2. Ұтысты алу үшін Қатысушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру мен верификациядан өтуге міндетті.
2.3. Науқанға Ережелердің 3.7, 3.8, 3.10 тармақтарының ережелерін ескере отырып, оны іске асыру кезеңінде осы Ережелердің шарттарын қанағаттандыратын желі оқиғасына ставка жасаған барлық Қатысушылар қатысады.
2.4. Науқанға оны жүзеге асырудың келесі шарттарын орындаған барлық Қатысушылар қатысады:
2.4.1. Қатысушы 29.06.2023 ж. 00:00-ден 07.09.2023 23:59 аралығында Аккаунттың киберспорт бөліміндегі Аккаунт теңгерімінің қаражатын пайдалана отырып, желі оқиғаларына ставка жасады;
2.4.2. Науқанға қатысу үшін желі оқиғасына дара ставканың минималды сомасы 3000 (үш мың) бірлікке 1,5-тен жоғары коэффициентке қойылған болу қажет.
2.4.3. киберспорт Аккаунтының бөліміндегі желі оқиғасына жасалған бір ставка үшін, сомаға қарамастан, қатысушы жүлделер ұтыс ойынында жеңіске жетудің бір мүмкіндікке ие болады - желі оқиғаларына ставкалар көбірек жасалса, ұтыс ойынында жеңіске жетудің ықтималдығы артады.
Мысалы:
Маңызды: Аккаунт теңгеріміндегі бонустық ұпайлар арқылы қойылған ставкалар Науқанға қатыспайды.
2.5. Науқанда күші жойылмаған, сатылмаған немесе 1,0 коэффициентімен қайта есептелмеген желі оқиғаларына жасалған дара ставкалар ғана есепке алынады, желі оқиғаларына жасалған экспресс және жүйеге ставкалар есепке алынбайды.
2.6. Ұтыс ойынының жеңімпаздары Randomus кездейсоқ сандар генераторының көмегімен (https://randomus.ru/) Ұйымдастырушының https://www.youtube.com/@olimpbetplay сілтемесінде орналасқан ресми YouTube арнасында тікелей эфирде 14 шілде 2023 ж. Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де анықталады;
2.7. Ұтыс ойынының нәтижелері мен жеңімпаздардың логиндері көрсетілген пост Ұйымдастырушының YouTube видеохостингіндегі ресми парақшасында және/немесе Instagram желісінде: https://www.youtube.com/@olimpbetplay, https://www.instagram.com/olimpbet_kazakhstan/ жарияланады
3.1. Науқан шарттарына сәйкес, жүлде қоры 7 000 000 (Жеті миллион) теңгені құрайды.
3.2. Науқан жеңімпаздарының жалпы саны – 416 (төрт жүз он алты) Қатысушы.
3.3. Жүлделер ұтыс ойыны Ұйымдастырушымен 2023 жылдың 14 шілдесінде Астана қ уақыты бойынша сағат 19:00-де өткізіледі.
3.4. Ұтыс ойынының күні мен уақытын Ұйымдастырушы біржақты тәртіппен өзгерте алады. Жүлделердің ұтыс ойындары және олардың нәтижелері туралы өзекті ақпарат Ұйымдастырушының сайтындағы Науқандар парақшасында орналастырылады. https://olimpbet.kz/promo/major_upgrade.
3.5. Жүлде қоры:
Жүлде № | Жүлде атауы | Саны | Бір бірліктің ақшалай баламасы | Жалпы жүлде қоры |
---|---|---|---|---|
1 | Asus G35CG жүйелік блогы | 1 дана | 1 200 000 теңге | 1 200 000 бірлік |
2 | ASUS ROG Strix G15 | 2 дана | 375 000 теңге | 750 000 бірлік |
3 | Steam Deck | 3 дана | 300 000 теңге | 900 000 бірлік |
4 | Oculus Quest 2 | 4 дана | 250 000 теңге | 1 000 000 бірлік |
5 | HyperX Cloud Orbit S | 5 дана | 150 000 теңге | 750 000 бірлік |
6 | Iphone 14 pro | 1 дана | 600 000 теңге | 600 000 бірлік |
7 | 10 000 бірлік сомасына фрибет | 50 дана | 10 000 теңге | 500 000 бірлік |
8 | 7 000 бірлік сомасына фрибет | 75 дана | 7 000 теңге | 525 000 бірлік |
9 | 5 000 бірлік сомасына фрибет | 80 дана | 5 000 теңге | 400 000 бірлік |
10 | 3 000 бірлік сомасына фрибет | 90 дана | 3 000 теңге | 270 000 бірлік |
11 | 1 000 бірлік сомасына фрибет | 105 дана | 1 000 теңге | 105 000 бірлік |
3.6. №1-6 Жүлделердің ұтыс ойынының нәтижелері бойынша Жеңімпаздың Аккаунт теңгеріміне ұтыс бонустар түрінде есептеледі, бонустар саны Ұйымдастырушы бекіткен жүлденің құнына сәйкес келеді және оның эквиваленті болып табылады.
3.7. № 1-6 жүлделерінің баламасы Жеңімпаз Аккаунтының теңгеріміне 10 күн ішінде, Қатысушы жеңімпаз болып жарияланғаннан кейін 72 (жетпіс екі) сағат ішінде Жеңімпаздың верификацияны өтті деген шартымен аударылады, сондай-ақ Жеңімпаздың суреттерін пайдалануға, сұхбат беруге, жарнамалық, ақпараттық және басқа да материалдарда бейнеролик түсіруге келісім беру туралы Жеңімпазбен Келісім жасалды деген шартымен. Егер Жеңімпаз верификациядан белгіленген мерзімде өтпесе, ұтыс ойынының нәтижесі жойылады, ұтыс ойыны қайталанбайды.
3.8. № 7-11 фрибеттер түріндегі жүлделер ұтыс ойыны аяқталған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Жеңімпаздың осы Ережелердің 3.7 тармағында көзделген шарттарды сақтай отырып, Жеңімпаздың Аккаунт теңгеріміне аударылады.
3.9. Осы тармаққа сәйкес есептелген фрибеттерді 4,5-тен кем емес коэффициентпен желі оқиғаларына фрибеттің барлық сомасына дара ставка жасау қажет.
3.10. Есептелген бонустарды пайдалану мерзімі Аккаунт Теңгеріміне аударылған сәттен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күнді құрайды. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін Науқан нәтижелері бойынша бұрын аударылған бонустар жойылады.
3.11. Потенциалды ұтыс фрибет сомасына тең. Егер ставка қандай да бір себептерден жойылса/қайтарылған болса, фрибет жойылады.
3.12. Науқан бойынша алынған бонустар жинақталмайды және Ұйымдастырушының басқа науандарының бонустарымен есепке алынбайды.
3.13. Науқанды ұйымдастырушы салық агенті ретінде әрекет етеді және жүлде сомасынан ЖТС ұстап қалуға құқылы.
4.1 Осы Ережелердің 3.5 тармағында көрсетілген жүлделерден басқа Науқан Қатысушылары Науқан Серіктесі – «WOOPPAY (ВУППЭЙ)» ЖШС Төлем Ұйымының арнайы жүлде ұтыс ойынына қатыса алады.
4.2. Науқан Серіктесінің арнайы жүлде ұтыс ойына қатысу шарттары:
4.1.1. Науқан Қатысушысы Ереженің 2 тармағында көрсетілген талаптарды орындаумен қатар, WOOPPAY Төлем жүйесінің пайдаланушысы болуы қажет.
4.1.2. Қатысушы 29.06.2023 ж. сағат 00:00-ден 09.07.2023 23:59-ға дейінгі аралықта WOOPPAY мобильді қосымшасындағы электрондық әмиян арқылы Аккаунт теңгерімін сомасы 3 000 (үш мың) теңгеден бастап толтыруы қажет.
4.1.3. Ережелердің 4.1.2 тармағына сәйкес Аккаунттағы теңгерімді толтырған соң, Қатысушы ұтыс ойынына қатысу үшін жарнамалық купон (бұдан әрі – Купон) алады.
Аккаунт теңгерімін 3 000 (үш мың) теңгеден астам сомаға толтырған кезде, әрбір 3 000 (үш мың) теңге бір купонға тең болады.
Қатысушыға тиесілі купондардың санын есептеу кезінде бірыңғай жасалған толтыру операциясы ғана есепке алынады.
3 000 (үш мың) теңгеден аз сомаға жасалған толтырулар қорытындыланбайды және Науқанда есепке алынбайды.
4.1.4. Қатысушы Аккаунтының теңгерімін толтырулар саны шектелмейді. Толтырулар санын көбейту және сәйкес купондарды алу Науқан Серіктесінен жүлде ұтып алу ықтималдығын арттырады.
4.1.5. Есептелген купондар WOOPPAY мобильді қосымшасындағы электрондық әмиянда Ұйымдастырушы Аккаунтының теңгерімін толтыру парақшасында көрсетіледі.
4.1.6. Купондар Қатысушы Аккаунтының толтырылған теңгеріміне қатысты есептеледі. Есептелген купондардың саны көбірек болса, толтырылған Аккаунт Жеңімпаздарды анықтау үшін жиірек пайдаланылады.
4.1.7. Басқа Қатысушының Аккаунт теңгерімі толтырылған жағдайда, купондар осы басқа Қатысушының теңгеріміне есептеледі.
4.1.8. Науқан Серіктесінің Мобильді қосымшасы арқылы жасалмаған толтырулар үшін Купондар есептелмейді.
4.1.9. Ұтыс ойынының жеңімпаздары YouTube-та тікелей эфирде https://www.youtube.com/@olimpbetplay сілтемесі бойынша 2.6 тармақта көрсетілген мерзімде анықталады. Ережелер. Науқан серіктесінің арнайы жүлде ұтыс ойыны осы Ережелердің 3.5 тармағында көрсетілген жүлде қорының ұтыс ойынына дейін өткізіледі.
4.1.10. Науқан Серіктесінің арнайы жүлдесінің ұтыс ойыны осы Ережелердің 2.6 тармағында көзделген тәртіппен өткізіледі.
4.1.11. Ұтыс ойынының нәтижелері Ұйымдастырушының Instagram ресми парақшасында https://instagram.com/olimpbet_kazakhstan сілтемесі бойынша жарияланады.
4.2 Науқан Серіктесі WOOPPAY-дің жүлде қоры:
- Жүлде атауы: Sony PlayStation 5
- Саны: 1 дана
4.2.1. Науқан Серіктесінің Арнайы Жүлдесі Sony PlayStation 5 ақшалай түрде беріледі.
4.2.2 Науқан Серіктесінің Арнайы Жүлдесі Науқан серіктесі («WOOPPAY» (ВУППЭЙ ЖШС ) жүлде жеңімпазға ұтыс ойыны аяқталғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде және жеңімпаз жүлде алу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда аударылады. Жеңімпаз осы Ережелердің 3.7 тармағында көзделген шарттарды сақтай отырып және WOOPPAY Жүйесінде идентификация рәсімінен өткеннен кейін жүлдені алуға құқылы.
4.2.3. Науқан Ұйымдастырушысы мен Серіктесі Жүлденің курьерлік және пошта қызметтерімен жеткізілу уақытына жауапты емес.
4.2.4. Науқан Серіктесі Жүлде берілген кезде салық агенті ретінде әрекет етеді.
5. Науқан ұйымдастырушысы жауап бермейді:
6. Науқанға 21 жасқа толмаған тұлғалардың қатысуына жол берілмейді.
7. Науқанға осы Ережелердің 2.1 тармағында көрсетілген тұлғалардан басқа, осы Ережелердің талаптарын сақтай отырып, әрекетке қабілетті тұлғалар, шетел азаматтары қатыса алады.
8. Матчтың барлық ықтимал нәтижелерін жабу мақсатында бір спорттық оқиға шеңберінде матчтың бірнеше нәтижесіне дара (киберспорт) ставка жасау кезінде Науқанға қатысуға жол берілмейді. Мұндай iс-әрекеттердi Ұйымдастырушы бiржақты тәртiппен заңсыз деп бағалайтын болады, Қатысушы есептелген бонустарды сақтамай Науқаннан шығарылатын болады.
9. Науқанға қатысу үшін бір Қатысушы тек бір Аккаунтты пайдалана алады. Егер бір Қатысушының қайталанатын Аккаунттары табылса, Қатысушы есептелген бонустарды сақтамай Науқаннан шығарылатын болады.
10. Осы Науқанға қатыса отырып, Қатысушы «NetBet (НэтБэт)» ЖШС ставка қабылдау Ережелерімен, сондай-ақ Науқан шарттарымен автоматты түрде келіседі.
11. «NetBet (НэтБэт)» ЖШС осы науқан шарттарын себепсіз қайтарып алуға немесе өзгертуге құқылы. Осы Ережелердегі толықтырулардың (өзгерістердің) бар екендігі туралы науқан Қатысушыларын тиісті хабардар ету www.olimpbet.kz сайтында ақпаратты орналастыру болып табылады.
12. Дербес деректерді өңдеу тәртібі
12.2. Дербес деректерді өңдеу қолданушы Ұйымдастырушының сайтында дербес деректерді өңдеуге келісіміне сәйкес жүзеге асырылады.
12.3. Дербес деректерді өңдеудің мақсаттары:
1) Науқанды осы Ережелерге және қолданыстағы заңнамаға сәйкес өткізу;
2) Ұйымдастырушының салық агенті ретінде міндеттерін орындауы;
3) электрондық байланыс желілері арқылы Ұйымдастырушыдан немесе Ұйымдастырушы уәкілеттік берген тұлғалардан sms-хабарламалар, жарнама және хат-хабарламалар жіберу үшін деректерді пайдалану;
4) Науқан жарнамасына бағытталған материалдарды нарықта тауарларды жылжытуға ықпал ететін жарнамалық және басқа да коммерциялық мақсаттарда пайдалану Науқан Қатысушылары туралы инициалдарды (аты, әкесінің аты, тегі), туған күнін, суреттерді, фото- және бейнематериалдарды, сондай-ақ жеңімпаздар туралы сұхбаттарды және өзге де материалдарды пайдалану.
12.4. Қатысушы ұсынатын жеке мәліметтер тізімі Ұйымдастырушы немесе Ұйымдастырушы уәкілеттік берген тұлғалар өңдейтін дербес деректердің тізімі www.olimpbet.kz сайтында тіркелген кезде Қатысушы енгізген мәліметтермен шектеледі.
12.5. Қатысушылар ұсынатын дербес деректермен жүргізілетін іс-шаралар тізімі: жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қол жетімділік беру), жеке тұлғаны жекешелендіру, бұғаттау, жою.
12.6. Науқан шеңберінде дербес деректерді трансшекаралық тасымалдау жүзеге асырылмайды, дербес деректер Қазақстан Республикасының аумағында өңделеді және сақталады.
12.7. Науқан ұйымдастырушы Қатысушылардың жеке деректерін өңдеуді қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
13. Басқа ережелер
13.1. Осы Науқанға қатысу құқығына қатысты барлық даулы жағдайларды және жүлдені алуға қатысты барлық мәселелерді Ұйымдастырушы басшылығы шешеді. Бұл шешімді орындау міндетті болып табылады және Қатысушылар немесе кез келген үшінші тұлғаның шағымдануына жатпайды.