1. Жалпы ережелер
- 1.1. Осы қатысу шарттары (әрі қарай — «Шарттар») адалдық бонус бағдарламасында (әрі қарай — «Бағдарлама») Бонус бағдарламасында қатысу шарттарын және тәртібін белгілейді.
- 1.2. Бағдарлама Қазақстан Республикасының аймағында орындалады.
- 1.3. Бағдарлама 08.11.21 сағат 15.00-де (Нур-Султан) басталып, 28.02.22 сағат 18.00-да (Нур-Султан) аяқталады.
Бағдарлама Ұйымдастырушы тарапынан біржақты ретпен, Қатысушыларды ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Бағдарлама Ұйымдастырушы тарапынан ұзартылуы мүмкін, сонымен қатар Бағдарламаны ұзарту кезінде Ұйымдастырушы Бағдарлама Шарттарын өзгерте алады.
2. Терминдер және ұғымдар
«BestExpress» бонус бағдарламасы (әрі қарай — Бағдарлама) — Ұйымдастырушы ұсынатын Қатысушылардың қызмет алу белсенділігін қалыптастыруға және арттыруға арналған Ұйымдастырушы бағдарламасы.
Жинақтау картасы — бонус мөлшері жайында мәліметті қамтитын, нөмірі Қатысушының Ойын шот нөміріне сәйкес келетін Бағдарлама Қатысушысының интерактивті картасы.
Оферта — Бағдарламаға қатысу үшін Қатысушыға ұсынылатын Ұйымдастырушының жария офертасы.
Акцепт — Ұйымдастырушының ресми сайтында, арнайы терезеде рәсімделген Қатысушының Бағдарламаға қатысу келісімі.
Бонустар — Бағдарламаға сәйкес Қатысушының жинақтау картасына қосылатын/шешілетін бонустар. Бонустарды Бағдарламаға сәйкес қолдануға болады.
Қатысушы — жиырма бір жасқа толған, Ұйымдастырушының ресми сайтында тіркелген, букмекерлік кеңсенің құмар ойындарына қатысушы, бәске қатысатын және Ұйымдастырушымен тәуекелге негізделген жеңіс туралы келісімге, Бағдарламаға қатысуға келісім берген жеке тұлға.
Нәтиже — желіде көрсетілген оқиғаның нәтижесі.
Ойын шоты — ставкалар жасағаннан кейін және ұтыстарды есептегеннен кейін қаражат қалдығын көрсететін Қатысушының шоты.
Жеке кабинет — Қатысушының Ұйымдастырушы ресми сайтында ойын шоты теңгерімі, бонустар саны, операциялар туралы ақпаратты қамтитын жеке бөлімі.
Бонусты есептеу — Қатысушының Ұйымдастырушы ресми сайтында іс-әрекеттер орындауына байланысты, нәтижесінде бонустар төленетін операция.
Ұйымдастырушы — «NetBet» ЖШС — Бағдарлама ұйымдастырушысы.
Жойылған ставка — Ұйымдастырушы бәстен бас тартқан ставка.
Ресми сайт — Ұйымдастырушының ғаламтор желісінде olimpbet.kz мекен-жайы бойынша орналасқан сайты.
Бонустарды есептен шығару — Бағдарлама шарттарына сәйкес Қатысушы орындаған операция.
Ставка — Ұйымдастырушыға қолма-қол ақша, сонымен қатар, электронды төлем құралдарын қолдану арқылы берілген электронды ақша.
3. Бағдарламаға қатысу
- 3.1. Бағдарламаға қатысу ерікті болып табылады. Бағдарлама 21 жастан асқан азаматтар үшін, жария оферта шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
- 3.2. Бағдарламаға қатысу үшін, Қатысушы Бағдарламаның келесі шарттарын орындау қажет.
- 3.3. Ойын шотын толтыру.
- 3.4. Бағдарлама шарттарына сәйкес ставка жасау.
4. Бонусты есептеу. Есептеу тәртібі.
- 4.1. Күн сайын, Бағдарламаны іске асыру кезеңінде, Бағдарламаның 4.4. тармағына сәйкес, Ұйымдастырушы Бағдарлама 4.2 тармағының шарттарын орындаған Қатысушылардың жинақтау карталарына бонустық ұпайларды төлейді.
- 4.2. Бағдарлама әрекет ету мерзімі кезінде Қатысушы экспресс ставкасын 2000 теңге сомасынан кем емес ставка жасау қажет.
- 4.3. Күннің қорытынды нәтижелеріне сол күні жеңіспен есептелген ставкалар ғана қатысады.
-
4.4. Әр күннің қорытынды нәтижесі бойынша, экспрессте ең жоғары коэффициентке ставка жасаған он Қатысушыға 500 000 бонустық ұпай беріледі, ол экспресстегі коэффициенттің мәніне байланысты Қатысушылар арасында бөлінетін және үлкеннен кішіге дейін келесі ретпен анықталады:
- Бірінші орынға ие болған Қатысушы 150 000 ұпай төленеді;
- Екінші орынға ие болған Қатысушы 100 000 ұпай төленеді;
- Үшінші орынға ие болған Қатысушы 75 000 ұпай төленеді;
- Төртінші орынға ие болған Қатысушы 50 000 ұпай төленеді;
- Бесінші орынға ие болған Қатысушы 40 000 ұпай төленеді;
- Алтыншы орынға ие болған Қатысушы 30 000 ұпай төленеді;
- Жетінші орынға ие болған Қатысушы 20 000 ұпай төленеді;
- Сегізінші орынға ие болған Қатысушы 15 000 ұпай төленеді;
- Тоғызыншы орынға ие болған Қатысушы 10 000 ұпай төленеді;
- Оныншы орынға ие болған Қатысушы 10 000 ұпай төленеді;
- 4.5. Бонустық ұпайлар 1 бонустық ұпай = 1 теңге мөлшерінде есептеледі.
- 4.6. Бағдарламада қарастырылған жағдайларды қоспағанда, бонустық ұпайларды төлеу және пайдалану тек Бағдарлама әрекет ету мерзімінде мүмкін. Бағдарлама әрекет ету мерзімін Ұйымдастырушы ұзарта алады.
- 4.7. Бағдарламада қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Бағдарлама аясында төленген бонустық ұпайларды сату, басқа тұлғаға аудару немесе беру, немесе басқа жолмен пайдалануға болмайды.
- 4.8. Бағдарламаға сатылған ставкалар/сатылған экспресстер қатыспайды.
5. Бонустық ұпайларды пайдалану
-
5.1. Бонустық ұпайларды төленген сәттен бастап 5 күн ішінде (барлық бонустық ұпайлар сомасына) коэффициенті 2.0.-ден жоғары ординар ставкасына тек толық көлемде пайдалануға болады.
Егерде кез келген себептермен ставка тоқтатылған/қайтарылған болса, бонус жойылады.
- 5.2. Бәс ұтқан жағдайда, Қатысушының Ойын шотына тек қана бонустар Бағдарламасының 4.3 тармағына сәйкес берілген бонусқа тең, 1 бонустық ұпай = 1 теңге мөлшеріндегі сома аударылады.
- 5.3. Бағдарламаның 5.2 тармағына сәйкес ойын шотын толтыру кезінде толтырылған қаражат ставка қабылдау және өткізілетін бәс Ережелеріне сәйкес пайдаланылады.
6. Қатысушы міндеттері және жауапкершілігі
- 6.1. Өзі туралы жалған (нақты емес, қате) мәлімет енгізілген жағдайда, сонымен қатар ескірген ақпарат уақытылы өзгертілмеген жағдайда, Қатысушы теріс салдардың туындау қаупін дербес өз мойнына алады.
-
6.2. Ойыншы осы Ережені өз бетінше немесе бір топ құрамында бұзған немесе бұзуға ниетті деген күдік болған жағдайда, Ұйымдастырушы:
— Жинақтау картасындағы бонустарды сөзсіз жоюға;
— Ойыншыға Ұйымдастырушының бонустық Бағдарламаларына қатысуына тыйым салуға;
— Ойыншының Жеке кабинетін құлыптауға құқылы. - 6.3. Қатысушы Ойын шотының паролін сақтау және Ойын шотын басқаруға рұқсаты жоқ адамдардың рұқсатсыз кіруіне жол бермеу үшін жауап береді.
7. Ұйымдастырушылар міндеттері және жауапкершілігі
- 7.1. Ұйымдастырушы Бағдарламаны басқарады және дамытады.